- Басты
- Жаңалықтар
- 2019 жылға дейінгі бюджет туралы заң жобасы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін төмендетуге жол бермейді – Елбасы
2019 жылға дейінгі бюджет туралы заң жобасы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін төмендетуге жол бермейді – Елбасы
«Парламент республикалық бюджеттің үш жылға арналған заң жобасын қабылдауы керек. 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік саясат әлемдік нарықтардың тенденцияларын ескеру арқылы анықталады. Заңнамалы түрде мемлекеттік әлеуметтік топтама кепілдігінің шығынының көлемін сақтау қажет. Ең бастысы зейнетақы мен жәрдемақы, шәкіртақылар мн әлеуметтік төлемдер жайлы болып отыр», - деді ол.
Елбасының айтуынша, үш жылға арналған бір топтамаға Ұлттық қордан бөлінген кепілдемелік трансферт туралы заңдар мен республикалық және өңірлік бюджеттер трансферті туралы заңдар қосарланып жүреді.
«Парламент пен Үкімет бюджеттік қаржыны игеру мәселелерін қамтып отырулары керек», - деді Елбасы.
Айта кетейiк, бүгiн Қазақстан Парламенті VI шақырылымының екiншi сессиясы жұмысын бастады. Жаңа жасақталған Парламенттiң бiрiншi сессиясы биылғы жылдың 25 наурызынан 30 маусымына дейiн созылған болатын.
Бірінші сессияда жалпы 3 бірлескен отырыс – Мәжілісте 12 және Сенатта 6 пленарлық отырыс өттi. Парламентке 42 заң жобасы ұсынылған, оның 18-і өткен шақырылымнан ауысқан құжаттар болса, 24 заң жобасы осы сессия жұмысы барысында түстi. Сондай-ақ, депутаттар 7 заң жобасына бастамашы болған. Сессия барысында Мәжiлiс 13 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберген. Жалпы, Парламент 12 заң қабылдады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар