ҚР Үкіметі 2016 жылдың соңына дейін Мәжіліске 7 заңнаманы енгізеді

1 Қыркүйек, 2016 11:42
Үкімет Мәжіліске 4 жобаны енгізді, ал 7 жоба осы жылдың соңына дейін енгізіледі. Жалпы, депутаттық корпус заңнамалық түрде ауқымды жұмыс атқаруы керек, деді Елбасы Парламенттің VI шақырылымының ашылу сәтінде.

«Құрметті депутаттар! Жаңа сессия аясында 50 заңнаманы талқылап қабылдау керек болады.  Үкімет мақұлдаған 7 жаңа заңнаманы қабылдау тұр.  Бұл депутаттық корпустың жоғары біліктлігін көрсететін жұмыстар», - деді Елбасы.

Н. Назарбаев айтып өткендей, алдағы сессияда 28 жоба бойынша талқылау үрдісі басталды.

«Үкімет 2016 жылға жоспарланған жұмыстар бойынша Мәжіліске 4 жоба енгізді, ал 7 жоба жыл соңына дейін енгізіледі. Үкімет кей жобаларды жоспарсыз енгізуі әбден мүмкін. Жалпы, депутаттық  корпус заңнамаларды қабылдау бойынша біраз жұмыс атқаруылары керек», - деді Президент.

Айта кетейік, Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы  өтуде.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар