• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету қарқынды жалғасуы керек

Н.Назарбаев: 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету қарқынды жалғасуы керек

1 Қыркүйек, 2016 11:34
5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету қарқынды жалғасуы керек, деді Елбасы Парламенттің VI шақырылымының ашылу сәтінде.

"Құрметті депутаттар, жаңа сессияның басталуымен құттықтаймын. Жер-жерде сайлаушылармен кездесiп, халықтың хал-ахуалын бiлiп, сөйлесiп, бiрталай жаңа ой-пiкiрлер жинақтаған шығарсыздар деп мен сенемiн. Оның үстiне мүмкiндiгiнше демалып, күш жинадыңыздар. Сондықтан жұмысқа бiрге кiрiсiп, елiмiз үшiн жұмыс iстейiк", - дедi Н.Назарбаев.

Елбасы биылғы сессияның қастерлi Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдығын тойлайтын кезеңге тұспа-тұс келiп отырғанын ерекше атап өттi.

"Қазiр әлемде аса күрделi кезеңдердiң бiрiн бастан кешiрiп отыр. Шекара талғамайтын терроризм мен экстремизм дүниенiң барлық қиырын шарпып келедi. Мұның бәрi жаһандық әлемнiң ажырамас бөлiгi - Қазақстанға да ықпалын тигiзбей қоймайды. Соған қарамастан бiз заманның сындарлы қатерiне лайықты жауап беру үшiн зор қызметтер атқарып келе жатырмыз", - дедi Мемлекет басшысы.

«Тәуелсіздіктің екінші тоқсанын біздің ел жаңа күшпен қарсы алуы керек.  Біз «Стратегия-2050» мақсаттарына шаршамай бағыт алып келеміз. Бізге ауқымды жұмыс атқару қажет, осы орайда Парламентке  үлкен жауапкершілік артылып отыр. Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету белсенді жалғасуда. Өткен жылы біз әлемге жаңғыртудың бес институционалдық реформасын таныстырдық. Бұл 100 қадамды жүзеге асыруымыз керек. Бірқатар заң қабылдау қажет. Оның ішінде қысқамерзім ішінде қабылдауы керек заңдар бар. Бұл тарихи тапсырманы біздің кәсіби парламент жүзеге асырады деп ойлаймын», - деді Елбасы.

 

Барлық жаңалықтар