- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтарына 2016 жылдың соңына дейін газ тартылады - әкімдік
Ақтөбе облысының барлық аудан орталықтарына 2016 жылдың соңына дейін газ тартылады - әкімдік
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша қазіргі таңда 695 мыңға тарта тұрғыны бар 375 елді мекеннің 101-іне газ жүргізілген.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен жасалған меморандум аясында инвестициялық қаражат есебінен 5,7 млрд теңгеге Ойыл ауданының Ойыл, Әйтеке би ауданының Комсомол, Қарғалы ауданының Қос естек ауылдарына апаратын және Ырғыз ауданының Ырғыз ауылының ішіне тартылатын ұзындығы 293 шақырымдық газ құбыры салынды. 2014 жылы бюджеттік қаражат есебінен тартылған Мәртөк ауданының Жайсаң ауылына апаратын газ құбырының құрылысы 2016 жылдың шілде айында аяқталды.
Бұдан өзге, ағымдағы жылы Мәртөк ауданының Казанка, Қарғалы ауданының Жосалы, Кемпірсай, Шалқар ауданының Байқадам, Шетырғыз ауылдарын газдандыру жобасы басталды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен жасалған меморандумға сәйкес құны 14,3 млрд. теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылды. Олардың ішіне Ойыл ауданының Ойыл, Қарғалы ауданының Қосестек, Мұғалжар ауданының Талдысай, Еңбек, Алтынды, Хромтау ауданының Аққұдық, Алға ауданының Үшқұдық ауылдарын 316,8 шақырымдық газ құбырымен жабдықтау, Ақтөбе қаласы мен Қандыағаш қалаларындағы АГТС құрылысы кіреді.
2016 жылдың аяғына дейін 109 елді мекеннің 715 мың тұрғыны газбен қамтамасыз етіліп, барлық 12 аудан газдандырылады деп күтілуде.
Бердібек Сапарбаев аудан орталықтарын газбен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары мен мемлекеттік органдар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығына көңілі толмайтынын жеткізді.
“Президент тапсырмасы бойынша өңірде халықтың жағдайын жақсарту шаралары, атап айтсақ, елді мекендерді газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қыруар қаржы бөлінуде. Бұған қоса, облыста 4 млрд. кубтан астам газ өндіріледі, өкінішке қарай барлық аудан орталықтары газбен қамтылмаған. Келісімшарттарға сәйкес газ Комсомол, Ойыл және Ырғыз ауылдарына өткен жылы жүргізілу керек болатын. Мердігерлер барлық жұмысты бірінші жарты жылдықта аяқтайтындарына уәде берген-тін. Алайда мойындарына алған міндеттерін орындамады. Бұл менің ойымша, мемлекеттік органдардың дұрыс бақылау жүргізбегендігінен және мердігерлердің жауапсыздығының салдарынан орын алып отыр”,-деп атап өтті облыс әкімі.
Атап айтсақ, «ОксидБилд» ЖШС мердігер мекемесі Ойыл ауданының Ойыл, Ырғыз ауданының Ырғыз ауылдарына тартылатын газ құбырын салу бойынша келісімшарттық міндеттерін орындамады. Аталмыш нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 2015 жылдың желтоқсан айында біткен болатын, бірақ газ құбырлары әлі күнге дейін пайдалануға берілген жоқ.
“Компанияңыздың жауапкершілігі қайда? Нысандарды келісімшартта көрсетілген мерзімде неге тапсырмағансыздар? Толықтай қаржыландырылу болды, ал елді мекендер әлі күнге дейін газдандырылмаған”,-деді облыс әкімі барлық жұмыстардың аяқталуы бойынша барлық шараларды қолданылуды тапсырды.
Облыстық прокуратура мен Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметіне «ОксиБилд» ЖШС-нің мемлекеттік тапсырыс аясындағы келісімшарттық міндеттерін орындаудағы қызметін тексеру тапсырылды.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы