- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтау қаласының 120 тұрғынына жаңа пәтердің кілті табысталды (ФОТО)
Ақтау қаласының 120 тұрғынына жаңа пәтердің кілті табысталды (ФОТО)
Жалдамалы үйдің иелері болып Ұлы Отан соғысының ардагерлері, облыстық орталықтың тұрғындары, тұрғын үй алуға кезекте тұрған әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар мен білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері аталды. 24 пәтердің кілті ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Бүгінгі таңда Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 5 мыңнан астам адам тұр, оның ішінде 2 мыңнан астамын әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар құрайды.
Қызыл лентаны Ұлы Отан соғысының ардагері Жаңбырбай Әлиев пен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қиды.
“Дағдарысқа қарамастан, облыстағы тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. 2016 жылдың 1-жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 61,6 млрд. теңгені құрады. Жалпы ауданы 400,9 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, ол өткен жылмен салыстырғанда 46,8%-ға артық. 3 бес қабатты 120 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына 1 812 млн. теңге бөлінді. Қалған екі үй осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Жыл басынан бері Ақтау қаласында 466 үлескердің қатысуымен 6 үлескерлік құрылыс нысаны болды. Қазіргі уақытта 4 тұрғын үй қалып, оның ішінде мемлекеттің қолдауымен 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды”, - деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
«Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың аясында жергілікті бюджет есебінен 4-нші сыныпты жайлы 3 бес қабатты 120 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Бір пәтердің жалпы көлемі – 53-55 шаршы метр. Жалдамалы тұрғын үйдің 1 шаршы метрі – 78 теңге 33 тиынды құрайды. Жалпы сомасы жалдамалы тұрғын үйдің ақысы ретінде «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» қаржы институттарының қатысуынсыз тікелей бюджетке түседі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады