- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде ядролық қаруға қарсы Қазақстанның бастамаларын талқылады
Мәскеуде ядролық қаруға қарсы Қазақстанның бастамаларын талқылады
Іс-шараны Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Ресейлік саяси орталары конференцияға қызығушылықпен қатысты: оған РФ Мемлекеттік Думаның депутаттары, екі серіктес елдің әскери ғылым орталарының, сараптамалы-зерттеу және қоғамдық ұйымдарының өкілдері, және саясаттанушылар мен белгілі журналистер қатысты. Конференция барысында қатысушылар «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің ережелерімен, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздік саласындағы жаңа бастамалары жарияланған 29 тамызда Астанада өткен «Ядролық қарусыз әлемнің құрылуы» атты халықаралық конференциясының нәтижелерімен толық таныстырылды. Онда Елбасы Ядролық қару туралы бәрін қамтитын дүниежүзілік конвенцияны қабылдауды, ядролық қаруға қол жеткізбеу және оны таратпау бойынша қатаң шаралар қолданудың нақты іске асуға келетін тетіктерді қалыптастыруды, және ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық құқықты кодификациялауды ұсынды.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев өз баяндамасында бүгінгі Конференция БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен әр жыл сайын 29 тамызда аталып өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күніне орай әлемде өтіп жатқан іс-шаралар бағдарламасына маңызды үлесі болып табылатынын айтты.
«Ядролық қарусыз әлемді құру мәселесі ядролық сынақтардан жеткілікті зардап шеккен еліміз үшін өте маңызды басымдық болып табылады», - деді Е.Ашықбаев. «Қазақстан Президентінің бастамалары –барлық мемлекеттерге ядролық қарусыз әлемді құрудың тиімді жолын ұсынуда».
Ол, «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде ядролық қарусыз әлемді құру адамзаттың 21-ғасырдағы негізгі мақсаты деп белгіленгенін еске салды. Атап айтқанда, бұл – әлемдегі барлық қақтығыстар мен соғыстарға қарсы тұру, деп алсақ та болады. Оның пікірінше, манифесте айтылған барлық тұжырымдамалы ережелер осынын алдында Астанада өткен халықаралық конференцияда қабылданған нәтижелі құжатта қолдауын тапты. Астаналық конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін арнайы халықаралық бәйгесін жариялауды ұсынды.
«Қазақстан Елбасшысы халықаралық қоғамдастықты ядролықсыз және қақтығыссыз әлемнің құрылуы терең ділдік өзгерілуін, жаңа көпжақты саяси шешімдерді қабылдануын, халықаралық қатынастарда жоғары деңгейдегі сенім болуынын талап ететініне назар аударды. Елбасының жаһандық қарусыздану үдерісін ілгерілету бойынша ұсыныстары кешенді және новаторлық дегеннен басқа, ең алдымен оларға азаппен қол жеткізілді», - деп ескертті Е.Ашықбаев.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осадын біраз жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигонын жабу, Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту бойынша шешімдерінің және жаһандық ядролық қарусыздандыру саласындағы негізгі бастамаларының тарихи маңызын атап өтті.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды