• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазақфильм» «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасын түсіруді жоспарлауда

«Қазақфильм» «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасын түсіруді жоспарлауда

1 Желтоқсан, 2013 15:08
Бүгін Астанада Тұңғыш Президент Күніне орай «От өзен», «Елбасы жолы» киноэпопеясымен «Темір тау» фильмдерінің тұсаукесері өтеді, деп Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл Президенттің саяси өмірінің көрсетілімі, «Елбасы жолы» киноэпопеясы әлі жалғасын табады. Бірінші картиналар оның билікке бару жолы, жастық шақтағы сындарлы оқиғалар, өндіріс ошақтағы қызмет жылдары, жетекшілік қасиеттердің пайда болуы сынды көрсетілімдер болады», - деді  фильм режиссері Р. Әбдрашев.

Режиссердің айтуынша, 3 деректі фильмде Елбасының жастық шағы көрсетілген.

«Барлығы заңды түрде. Көшбасшы аспаннан түспейді. Бұл жүйенің өзі іріктеп алған тұлға. Бұл картинадаға сараптама сынды, біз оның тұлғасын көреміз, яғни қарапайым баладан көшбасшыға айналу жолын. Ол зауыттың басшылығымен күреседі, ауруханалардың ашылуына, әр түрлі мекемелердің ашылуына септігін тигізеді», - деді режиссер.

Фильмнің сценарийін Шахимардан Құсайынов пен Рүстем Әбдірашов бірлесіп жазған. 

«Киноэпопеяның жалғасы болады. Бұл екі картина билік шыңына дейінгі Елбасының жолын баяндайды», - деп түсіндіріп өтті фильм режиссері.

Елбасының жас тұлғасын қазақстандық жас актер Нұрлан Әлімжанов сомдайды. 

Барлық жаңалықтар