- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне 30 кәсіпорын қатысты
Астанадағы «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне 30 кәсіпорын қатысты
Көрме отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметті жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесуге бағытталған.
Көрме-конкурсқа түрлі саладағы елордалық өндіруші кәсіпкерлер қатысты. Конкурс үш номинация бойынша өтті: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»; «Халық тұтынатын үздік тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлары».
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» санатында шыныдан бұйымдар жасайтын «Елордалық шыны компаниясы» ЖШС үздік атанды. Сүт өнімдерін шығаратын «Банур-НС» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарлары» санатында көш бастады. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» санатында жарық диодты өнімдер жасайтын «Led solution» ЖШС топ жарды.
Өңірлік конкурс жеңімпаздары жыл соңында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына жолдама алды.
Айта кетейік, шағын және орта бизнес елорданы дамытуда алдыңғы қатарда, бұған негізгі көрсеткіштер дәлел болады. 2015 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі 3 215,8 млрд теңгені құрады. ШОБ саласында 288 мың адам жұмыс істейді. ЖӨӨ құрылымындағы ШОБ үлесі 60% жуық және республика бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты