- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылдан бастап Қазақстанның ХҚКО-ларында қызметтің 600 түрі көрсетілетін болады
2017 жылдан бастап Қазақстанның ХҚКО-ларында қызметтің 600 түрі көрсетілетін болады
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы бүгінгі таңда 368 фронт-офисте 530 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл жалпы мемлекеттік қызметтер санының 70 пайызын құрайды. Қазіргі кезеңде жұмыс істеп тұрған офистерді бір ереже бойынша жаңғырту маңызды рөл атқарады. Бүгінде әрбір офисте корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай ақпараттық жүйесі, кедергісіз қызмет көрсету, электронды кезек енгізілген. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін шынайы уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік беретін орталыққа қосылу жүзеге асырылған»,- дейді М. Құмарғалиев.
Оның айтуынша, бөлімдердің басым бөлігі «Дүйсенбі-сенбі» күндері сағат 9.00-ден 20:00-ге дейін қызмет көрсету режиміне көшкен. Мемлекеттік корпорация құрылымында қайта ұйымдастыру нәтижесінде үш құрылымдық бөлімше құрылыпты.
«Коропорацияда Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы, Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті теxникалық тексеру дирекциясы атты үш бөлімше құрылды. Бірыңғай лауазымдар тізілімі құрылып, еңбекақы төлеу жүйесі теңестірілді. Бұл ұйымдастырылған құрылымды оңтайландыруға және сәйкестендіруге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде басшылық құрамы 53 пайызға оңтайландырылды»,- дейді Басқарма төрағасының орынбасары.
Осы оңтайландыру бюрократиялық масылдан арылуға мүмкіндік беріпті. Сондай-ақ еңбекақының жалпы қорын ұлғайтпай-ақ коропорациядағы қарапайым қызметкерлердің еңбекақысы 20 пайызға көтерілген көрінеді.
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылады. Олардың 365-і қазіргі кезде мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқаруда»,- деп түйіндеді М. Құмарғалиев.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Түрік тұтастығының темірқазығы (2-бөлім) -
Түрік тұтастығының темірқазығы (1-бөлім) -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады