• Басты
  • ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді (ФОТО)
1 Қыркүйек, 2016 08:52

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді (ФОТО)

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Мейрімді жүрекпен» акциясы аясында 20 мүмкіндігі шектеулі азамат күн сәулесімен жүретін электронды арбамен қамтамасыз етілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді (ФОТО)

Бұл игі іс - қала әкімдігі мен Халықаралық қазақ-түрік университетінің  өкілетті кеңесі арасында түзілген меморондум негізінде жүзеге асып отыр. Қайрымдылық шараға қала әкімінің орынбасары Рашид Мыңбай, ХҚТУ-нің вице-президенті Мустафа Нурсай, Түркия Республикасы ТИКА ұйым өкілі Сатылмыш Невзатулла, қалалық мәслихат  хатшысы Т. Балабиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы және «АСАР» облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты.

Аталған электронды арба қолмен емес, күн сәулесімен  жүргізіледі. Күн сәулесімен жүретін бұл құрылғы 30 шақырым жерге дейін жүруге мүмкіндік береді. Бір электронды арбаның құны 800 АҚШ долларын құрайды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды