Қазақстан мен Өзбекстан төтенше жағдайларда ынтымақтасуға мүдделі

31 Тамыз, 2016 17:46
Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Ерік Өтембаев Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрі Турсинхон Худайбергеновпен кездесті, деп хабарлады СІМ.

Кездесу барысында Т.Худайбергенов Өзбекстанның  ТЖ бөлімшелерінің қызметі туралы айтты.  Ведомство оқу орнының   материалдық-техникалық  қамтылуы туралы айтып өтті.

Министр төтенше жағдайларға әсер ету бойынша жобаларға ерекше мән берді, оқыс жағдайларда балалар мен жастармен жұмыс жүргізу бойынша шаралар қабылдау қарастырылды.

Е.Өтембаев айтып өткендей, қазақстандық тарап  ӨР ТЖМ оқыту мекемелеріндегі өзбек мамандарының тәжірибелеріне қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, қазақстандық және өзбекстандық мамандар арасындағы өзара байланысты дамыту талқыланды.

 

Барлық жаңалықтар