- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ 40 аз қамтылған отбасының балаларын мектепке қажет құралдармен қамтыды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ 40 аз қамтылған отбасының балаларын мектепке қажет құралдармен қамтыды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Теміржолсу» АҚ аталған акцияға белесене ат салысты.
«Теміржолсу» АҚ вице-президенті Мира Темірбекова мен бас маман Маржан Шақаева елордадағы жағдайы төмен және көп балалы жалғызбасты ана атанып отырған Ақтоты Рүстемованың үйіне барып, балаларына мектеп формасы мен оқу құралдарын табыстады.
«Бұл отбасыға «Мектепке жол» акциясынан тыс уақытта да көмек көрсетіп келеміз. Ақтотының 5 қызының біреуі – мүгедек. Төртеуі мектепте оқиды. Кіші қызының денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайтындықтан әзірге тек мемлекеттік жәрдемақымен ғана күн көруде. Анасына құдай қуат берсін, балалар ақылды, білімді болып өссін», – дейді М. Темірбекова.
«Жалғыз өзім мына киімнің бәрін алып беруге шамам жетпейді. Қазір бәрі де қымбат. Менің отбасылық жағдайымды түсініп, шынайы жанашырлық танытып жатқан «Теміржолсу» ұжымына рахметімді айтамын», - деп А.Рүстемова алғысын білдірді.
Сондай-ақ, компания өкілдері Қоянды елді мекенінде тұратын көп балалы отбасына көмек көрсетті.
Республиканың барлық аймақтарында орналасқан Компанияның 13 филиалы «Мектепке жол» акциясы шеңберінде қайырымдылық шараларын өткізіп жатыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды