• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақ ұлттық хореография академиясы бюджеттен тыс қаржыға салынды – Н.Назарбаев

Қазақ ұлттық хореография академиясы бюджеттен тыс қаржыға салынды – Н.Назарбаев

31 Тамыз, 2016 13:07
Мекеме бюджеттен тыс қаржыға салынды. Менің өтінішім бойынша қытайлық CNPC ұлттық компаниясы мен «Самұрық-Қазына» қоры қаражат салды. Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сыйлық, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық хореография академиясының ашылу барысында.

 «Астанада «Астана опера» театры ашылды, Алматыда Абай атындағы академиялық опера және балет театры, Шымкентте опера және балет театры бар. Қазақстанда бiрнеше би ұжымы да бар. Соның барлығына маман дайындайтын, оқушыларды бiрiншi сыныптан бастап дайындайтын, жоғары бiлiм алып, докторантурасын бiтiрiп шығаратын бұндай мектеп еш жерде жоқ. Бұндай мектептi тек әл-ауқаты күштi мемлекет ғана сала алады. Жағдайы жақсы болғаннан кейiн елдiң, халықтың өнерге деген ынтасы артады. Сол кезде ғана салынады бұндай мектеп. Ол жүз жылда, мың жылда бiр-ақ рет салынатын ғимарат, бiлiм ордасы», - дейдi Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, кешен  жас  Астананың тағы бір гаухартасына айналды.

 «Бүгін жұмыста жігерлілік танытқан сәулетшілерге алғыс айтқым келеді. «Базис А» құрылыс компаниясы аяғына дейін барлық кабинеттер мен кеңселердің соңғы жөндеуін жүргізіп өту қажет.  Мекеме бюджеттен тыс қаржыға салынды.  Менің өтінішім бойынша қытайлық  CNPC ұлттық компаниясы  мен «Самұрық-Қазына» қоры қаражат салды. Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сыйлық», - деді Елбасы.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар