- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Тоқаев Пагуош қозғалысының басшысын қабылдады
Қ. Тоқаев Пагуош қозғалысының басшысын қабылдады
1957 жылы құрылған Пагуош қозғалысы бейбітшілік, қарусыздану, қауіпсіздік және жаһандық ауқымдағы ғылыми ынтымақтастықты жақтайтын ғалымдарды, саясаткерлерді және қоғам қайраткерлерін біріктіреді. Қозғалыс Ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салу туралы шарт, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт, Зымырандарға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы шарт, Қарудың биологиялық және химиялық түрлеріне тыйым салу туралы конвенция, Еуропадағы жай қарулар туралы шарт секілді басқа негізгі көптарапты келісімдерді әзірлеуге және қабылдауда маңызды рөл атқарды.
1995 жылы Ұйым Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Пагуош қозғалысының идеясы мен құндылықтарын жақтайды, сондай-ақ қозғалыстың қарусыздану және қауіпсіздік саласындағы халықаралық келісімдерді әзірлеудегі және қабылдаудағы рөлін жоғары бағалайды. Кездесу барысында Қазақстан Пагуош қозғалысының 2017 жылы болатын мерейтойлық кездесуін өткізу мүмкіндігі қаралды.
Қозғалыс мүшелерінің Астанада сондай кездесу өткізу туралы тілек білдіруіСемей ядролық полигонын мәңгілікке жауып, адамзатты ядролық соғыс қаупінен құтқару ісіне нақты үлес қосқан, әлемде қуаты жағынан төртінші орын алатын ядролық әлеуеттен бас тартқан біздің еліміздің және оның басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделіне байланысты болып отыр. Қ.Тоқаев 29 тамызда болған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына қатысқаны және ондағы мазмұнды баяндамасына орай мейманға ризашылық білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда