- Басты
- Жаңалықтар
- Екібастұзда сәлемдеме супермаркеті ашылды
Екібастұзда сәлемдеме супермаркеті ашылды
Сәлемдеме супермаркеті – бұл өздігінен қызмет көрсететін жаңа форматты орталық, ҚР бойынша сәлемдемелерді алу және жіберу болып екі аймаққа бөлінеді, деп хабарлады “Қазпочта” АҚ:
«Қазіргі уақытта Қазақстанда төрт сәлемдеме супермаркеті қызмет жасайды – олардың үшеуі Астана қаласында, біреуі Алматыда ашылған, ал бүгіннен бастап бұндай сервис Екібастұз қаласының тұрғындары үшін қол жетімді. Келесі жылы осындай супермаркеттер Қазақстанның басқа қалаларында ашылады деп жоспарланды. Осы формат өзін көрсете білді және біздің клиенттер тарапынан көптеген жағымды пікірлер айтылды. Сәлемдеме супермаркеті сәлемдемелерді алу және жіберу уақытын үнемдейді және компанияның өндірістік шығынын оңтайландырады», - деп хабарлайды «Қазпочта» АҚ Баспасөз – қызметі».
Сәлемдеме супермаркеті – түсінікті сервис, ол клиентер кезекке тұрмайды және өзіне тиіді уақытта сәлемдемелерді алуына мүмкіндік жасайды. Өзінің сәлемдемелерін алу үшін, сәлемдеме супермаркетінде белгіленген, арнайы терминалға клиент сәлемдеменің трек нөмірін немесе ұялы телефонның нөмірін енгізу қажет. Бұл терминал, жүйеде сұраныс болған сәлемдемені тауып, сөресі, қатары, ұяшықтары көрсетілген талон береді. Клиент өздігінен залға кіріп, көрсетілген сөресі, қатары, ұяшықтарды тауып, өзіне керек сәлемдемені сөреден алады. Шыға берісте тұрған кассада, клиент операторға мәліметтерді тексеру үшін және үстеме төлемақысын төлеу қажеттілігі анықтау үшін жеке куәлігін көрсетеді. Сонымен қатар, сәлемдеме супермаркетіне клиент өздігінен елдің әр түкпіріне сәлемдемелерді жібере алады. Сәлемдемелерді жіберу үшін клиент гофротараны (тараны, орамдарды) ҚР бойынша жеткізу үшін құны ескерілген бағамен және трек нөмірі берілген түрінде алады.
Арнайы бөлінген орында өз сәлемдемеін орап- түйіп, клиент сәлемдемені жіберуге ресімдеу бойынша орнатылған терминалға жақындайды, «Жіберу» кнопкасын басады, гофротарадағы жапсырылған штрихкодты сканирлейді, тағы да «Жіберу» басады және терминал берген талонды сақтайды. Барлық істерді аяқтаған соң, сәлемдемені одан әрі жіберу үшін сөреде қалдыру қажет. Қазақстан бойынша сәлемдеменің жүру жолын бақылап отыру үшін, берілген талонда сәлемдеменің трек нөмірі көрсетіледі.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды -
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды