Павлодарда Тұңғыш Президент саябағының капсуласы салынды

1 Желтоқсан, 2013 13:53
Бүгін, 1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президентінің Күніне орай Тұңғыш Президент саябағының капсуласы орнатылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

« Аймақ басшысы Е. Арын қатысушылар алдындағы сөзінде ескерткіш капсуланың орнатылуы келешек ұрпаққа Ел тәуелсіздігінің айқын көрсеткіші болып қалатындығын айтты», - делінген хабарламада.

Шараға қатысушыларға Тұңғыш Президент саябағының макеті таныстырылды. Ол 28 га жерді алып жатқан жоба.

Жоба бойынша саябақ тұрғындардың демалу ошағына айналады. Гүлзар бақтар мен газондар орнатылады. Айта кетейік, аталмыш аймақта 200 жас шырша мен терек отырғызылған. 

Барлық жаңалықтар