- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да «Қазақстанның үздiк тауары» көрмесiнде 40 кәсіпорын өз өнімін таныстырды
СҚО-да «Қазақстанның үздiк тауары» көрмесiнде 40 кәсіпорын өз өнімін таныстырды
Петропавл қаласында «Қазақстанның үздiк тауары» аймақтық байқау-көрмесi өтуде. Өз өнiмiн Солтүстiк Қазақстанның 40-қа жуық кәсiпорын өкiлдерi мен жеке кәсiпкерлерi ұсынды.
Көрменi ашқан өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов он жыл бұрын Елбасының құрған байқауы кәсiпкерлер үшiн сапаны арттыруға ынталандыру, сондай-ақ, Қазақстан нарығын жоғары сапалы, бәсекеге қабiлеттi өнiмге толтырып, тұрғындар арасында жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн насихаттаiға мүмкiндiк беретiнiн атап өттi.
Бұдан бөлек, облыс әкiмi Ресейдiң шекаралық аудандарында өткiзiлген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерiн өткiзу тәжiрибесiн мысалға келтiрдi. Соңғы қорытындыларға сәйкес, Қорған қаласының 11 әмбебап дүкендерiмен СҚО-нан азық-түлiк тауарларын жеткiзу жөнiнде келiсiм-шарт жасалуда.
«Ең жақсы азық-түлiк өнiмi Солтүстiк Қазақстанда. Бiздiң тауарлар сапалы, дәмдi әрi бәсекге қабiлеттi. Кәсiпкерлер үшiн жаңа өндiрiс ашуға, өткiзу алаңын кеңейту бойынша үлкен мүмкiндiктер жасалуда. Тауардың сапасын қадағалауға да үлкен талап қойылады. Бiз жаңа жағдайларда жұмыс iстеуге дайын болып, сұранысқа ие, бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруiмiз қажет» — дедi Ерiк Хамзаұлы.
Содан соң өңiр басшысы көрмеге қойылған жәдiгерлермен танысып, қатысушы компания өкiлдерiнен өндiрiс көлемiне, өткiзу аумағына, өнiмнiң бағасына және болашаққа жоспарлары жөнiнде сұрады.
Ерiк Сұлтанов жергiлiктi тауар өндiрушiлерге жұмысты шет ел тауарларын өз тауарларына ауыстыруға, сонымен қатар тұрғындар үшiн қолжетiмдi бағаны ұстауға бағыттау керектiгiн айтты.
«Қазақстанның үздiк тауары» аймақтық байқау-көрмесiнiң қорытындысы бойынша жеңiмпаздар 3 аталым бойынша iрiктелетiн болады: «Үздiк азық-түлiк тауарлары», «Тұрғындар үшiн үздiк тауарлар», «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар».
Iрiктелген үздiк компаниялар Астана қаласында өтетiн республикалық кезеңде бiздiң облысты таныстыратын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі