Қызылорда облысында балаларды оңалту орталығы ашылды

1 Желтоқсан, 2013 13:36
Қызылордада балаларды оңалту орталығы ашылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің маманы Мария Омарова хабарлады.

«Қызылорданың сыртындағы Талсуат ауылында «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ филиалы ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ. Көшербаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев, Еркін Шпанов, Сейсұлтан Айымбетов, Уалихан Бішімбаев, Омархан Өксікбаев қатысты», - делінген хабарламада.

Аталмыш орталық ауыр сырқаты бар балалардың оңалуына септігін тигізеді.

«Орталық барлық қондырғылармен жабдықталған, Жеке курстар өткізіліп, сауығуға барлық жағдай жасалады», - деді М. Омарова.

Ашылу рәсімінен кейін орталық бірден жұмысқа кірісті. 

Барлық жаңалықтар