• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматуллин: ҚР Президентінің бастамалары ядролық қарусыздану үрдісінде көш бастап жүр

Н.Нығматуллин: ҚР Президентінің бастамалары ядролық қарусыздану үрдісінде көш бастап жүр

29 Тамыз, 2016 17:51
«Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы аясында әжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин Маршалловы Республикасы Нитиджелы (Парламент) спикері Кеннет Кедимен кездесті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Семей ядролық сынақ полигонының  жабылуының  25 жылдығына арналған   естелік шараларды айта отырып, Нұрлан Нығматтулин  Қазақстан Президенті  Н.Назарбаевтың  ядролық полигонды  жабу шешімінің тарихи маңызын атап өтті.

«Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ядролық қарусыздану алдында келе жатыр, Елбасы Н.Назарбаев ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы болып табылады», - деді  Мәжіліс төрағасы.

Маршаллов аралдары  Жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың  белсенді қатысушысы болып табылады. 

Барлық жаңалықтар