Семейде СЯСП жабылуының 25 жылдығына орай Бейбітшілік акциясы өтті (ФОТО)

29 Тамыз, 2016 16:57
Семейде Семей ядролық сынақтар полигонының 25 жылдығына арналған бейбітшілік акциясы өтті, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Шараға ШҚО-ның 25 мың тұрғыны қатысты.  Сондай-ақ, Ресей, Пәкістан, Жапония елдерінен келген қонақтар қатысты.

ШҚО басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, елдің жаһандық ядролық сынаққа қарсы бастамалары халықаралық келісім мен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

«Халықаралық қауымдастық  Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімін жоғары бағалайды. Шығыс қазақстандықтар ядролық қарусыздандырудың ең белсенді қатысушылары. Себебі, олар қарудың әсерін өздері бастан кешірді. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифестіндегі бастамалар халықаралық қолдауға ие болатынына сенімдімін», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар