- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев ядролық қарусыздандыру саласындағы арнайы сыйлықты тағайындау бастамасын қолдады
Н.Назарбаев ядролық қарусыздандыру саласындағы арнайы сыйлықты тағайындау бастамасын қолдады
Осы орайда Елбасы нақты бірнеше ұсыныс жасады. Соның ішінде ядролық қарусыздандыру саласындағы арнайы сыйлықты тағайындау бастамасы да бар
«Ядролық қару бойынша жалпыға бірдей конвенцияны қабылдау осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі болар еді. Біз бұл бастаманы тағы көтеретін боламыз. Аталған құжатта ядролық қаруға тыйым салып, оны жоюдың нақты мерзімдері көрсетілуі тиіс. Бұдан бөлек, басқа да құжаттар әзірленуі мүмкін. Осы орайда бізге қолдау көрсетіледі деп сенеміз», - деді Н.Назарбаев конференция қатысушыларына қаратып айтқан сөзінде.
Сондай-ақ Президент ядролық қарусыздандыру саласындағы арнайы сыйлықты тағайындау бастамасын қолдайтынын жеткізді. Алайда оның атауын әлі ойластыру қажет.
«Ол ядролық қарусыз бейбітшілік үшін сыйлық болатын шығар. Бәлкім, ядролық қарусыздандыру үшін беріледі. Біз ондай премияны тағайындауды өз қолымызға аламыз. Ядролық қарусыздандыру деп алған дұрыс шығар. Себебі бейбітшілік үшін бір емес, бірнеше сыйлық бар сияқты. Біз ойластырып, ол сыйлықты тағайындау туралы шешімді қабылдайтын боламыз. Қараша айында Астана қаласында Бейбітшілік саммиті өтеді. Сол жерде сыйлықты тағайындап, алғашқы лауреатын атауға болады деп ойлаймын»,-деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Айта кетейік, «Ядролық қарусыз әлем құру» атты Халықаралық конференция Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
Жаңа әліпби: «Бұл әліпбиді орфографиялық жұмыс тобының 95%-ы қолдады» -
2020 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер -
БҚО-ның дамуы: Инвестиция, тұрғын үй, жаңа жұмыс орындары және білім саласындағы мәселелер