- Басты
- Жаңалықтар
- 1-қыркүйектен бастап Skype арқылы қазақ тілін үйрету онлайн-курсы іске қосылады
1-қыркүйектен бастап Skype арқылы қазақ тілін үйрету онлайн-курсы іске қосылады
«Soyle» - тілдің қоғамдағы мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту бағытында ғаламтор арқылы қазақ тілін тегін онлайн режимінде үйретуге арналған озық жоба. Жоба үш бағыт бойнша жүзеге асады: Soyle.kz порталын жетілдіру, «Soyle.kz» әдістемесі негізінде Skype арқылы қазақ тілін үйрету және жаңа «Quzhat.kz» порталын жасау.
Бүгінгі таңда Soyle.kz арқылы тіл үйренушілердің саны 45 мыңнан асты. Сайт ашылғалы 2 жылдың ішінде еліміз бен шет елдерден 1 млн-ға жуық адам портал қызметін пайдаланған. Өткен жылы Android платформасында ашылған Soyle мобильдік қосымшасы арқылы 15 мыңнан астам пайдаланушы қазақ тілін үйреніп жатыр. Жақын уақытта IOS платформасында Soyle қосымшасы ашылмақ. Пайдаланушыларға қазақ тілін тереңдетіп оқытуға арналған жаңа сабақтар әзірленуде.
Екінші бағыт - «Soyle.kz» әдістемесі бойынша Skype арқылы қазақ тілін үйрету жобасы 1 қыркүйектен басталады. Skype арқылы оқытудың негізгі мақсаты – тыңдаушыларды қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге үйрету. Skype арқылы оқыту аз уақыттың ішінде тілді үйреніп, жоғары жетістіктерді көрсетуге мүмкіндік береді. Сабақтар сөздік қорды молайтуға, сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Skype арқылы қазақ тілін оқытудың артықшылықтары – уақыттың үнемделуі мен ыңғайлылығы. Сабақтарды үздік оқытушылар тегін өткізеді. Skype арқылы оқуға өтінімдерді Soyle.kz порталында қалдыруға болады.
Сондай-ақ, #Soyle жобасы аясында қызметкерлерге ресми іс-қағаздарын жүргізуді онлайн үйрететін тұңғыш - «Quzhat.kz» (іскери құжаттар үлгілері) интернет порталын әзірлеу қолға алынады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты