- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев: Сынақтарды тоқтатып, ядролық қаруды заңсыздандыру - әскери атом құрбандарының алдындағы біздің парызымыз
Қ.Тоқаев: Сынақтарды тоқтатып, ядролық қаруды заңсыздандыру - әскери атом құрбандарының алдындағы біздің парызымыз
«Біздің конференция халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне келіп отыр. Елбасының бастамасымен 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы аталмыш күнді бекіткен болатын. Басқосуға әлемнің 50 елі қатысады. Қатысушылар ядролық қаруды қолдану және сынау құрбандарын еске алып, қарусыздандыру және таратпаудың өзекті мәселелерін қарайды және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі ұсыныстар айтады», - деді Сенат төрағасы.
Қ.Тоқаев ядролық қарусызданудың маңызы мен мәнін айтып өтті.
«Аталмыш конференцияның тақырыбы өте өзекті. Қазақстан бойынша ғана жарты миллион адам құрбан болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы болып іс жүзінде мойындалған тұлға. Оның Семей ядролық полигонын толықтай жабу туралы шешімі әлемдік қарусыздану тарихында алғашқы және соңғы мысал болып табылады. Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізінде қарусыздану идеясы жатыр. Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуы -жер бетінде орнықты әлем құрудың бірінші кезекте маңыздылығы және қауіпсіздік проблемаларына жаңа бірлескен шешімдер ұсыну туралы бүкіл әлем қауымдастығына ойланудың ең оңтайлы мүмкіндігі», - деді Қ.Тоқаев.
Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы өтуде.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Сайлау науқаны алдындағы шаралар қорытындыланды -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға -
Белсенді азаматтық қоғам - білікті мемлекеттік басқарудың кепілі -
2020 жыл несімен есте қалмақ: Коронавирус біздің өмірімізді қалай өзгертті