- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы жаңа терминалдың құрылысы кестеге сай жүргізілуде
Астанадағы жаңа терминалдың құрылысы кестеге сай жүргізілуде
Қазіргі уақытта терминал ғимаратының қабырғалары көтеріліп, қасбеті жасалуда. Еден, төбе, бөлме аралықтарының құрылыс-монтаж жұмыстары мен ішкі инженерлік коммуникацияларды өткізу жұмыстары жүргізілуде. Әуе кемелері тұрақтауына арналған жаңа перрон салынуда.
Құрылыс алаңында «Астана халықаралық әуежайы» АҚ және бас мердігерлік мекеме өкілдерімен талқылау барысында жұмыс барысы белгіленген кестеге сай жүргізіліп отырғандығы атап өтілді.
Жаңа жолаушылар терминалының жалпы көлемі 47 мың шаршы метр.
Жаңа терминал заманауи жабдықтармен жабдықталады. Сервистік қызмет түрлерінің сапасының жақсарып, әуе тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі Астана әуежайының өткізу қабілеті жылына 3 млн. жолаушыны құрайды. Астана жаңа әуежайы жылына 7,6 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады.
Жоспар бойынша қайта жаңарту жұмыстары 2017 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.
А. Мамин жұмыс барысында кеңес өткізген екінші нысан- елорданың жаңа вокзалы орнында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Компания басшысына бүгінгі таңда вокзалда монолитті темір бетон қаусырмасының құрылысы аяқталғандығы баяндалды. Оған 150,0 мың. м³ бетон жұмсалды. 30 мың тонна металл қаусырмасы құрастырылды. Қасбеттегі шыны аспалы жүйесі құрастырылуда. Вокзалға кіретін теміржол эстакадасының құрылысы аяқталып келеді. Бөлмеаралық металл қаусырмаларының 25 мың тоннасы құрастырылды.
Жаңа вокзал арқылы тәулігіне 12 мың жолаушы өтетін болса, маусымдық кезеңде 35 мың жолаушы өтетін болады. Қазіргі қолданыстағы вокзалдың тәуліктік жолаушыларды өткізу мүмкіндігі 7,1 мың адамды құрайды.
Ғажайып ғимаратты 2017 жылдың сәуірінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде