Алматы тұрғындары Президент туралы фильмді тамашалады

1 Желтоқсан, 2013 11:29
Бүгін Алматыда Республика сарайында Мемлекет басшысының көреген саясаткер ретінде жетістіктері туралы «Бірінші» деректі фильмі көрсетілді, деп хабарлайды BNews.kz.

Деректі фильм біткен соң қала әкімі Ахметжан Есімов тұрғындарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. 

«Мемлекет басшысының басқаруындағы Тәуелсіздік жылдары қазақ халқы дамудың дұрыс жолын таңдады. Елімізде экономика тұрақты дамып келеді, халықтың әл-ауқаты жақсарды, саяси-әлеуметтік тұрақтылық сақталуда, еліміздің халықаралық аренада беделі нығаюда. Мемлекет басшысы бір жолы сөзінде былай деген: «Біз бір рет таңдап алған қазақстандық даму жолымен келеміз. Біз эволюциялық жолды таңдадық, ешкімнен көшіруге тырыспаймыз. Елімізге қажеттіні ғана қолға аламыз», - деп атап өтті қала әкімі. 

Шара соңында қала әкімі «Жылдың үздік оқушысы» қалалық байқаудың 26 жеңімпазын марапаттады. Оларға грамота және сыйлық табыс етті. Шара «Менің балалық шағымның аспына» фильмін көрсетумен аяқталды.

 

 

Барлық жаңалықтар