- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да ең үздік өнімдердің көрме жәрмеңкесі өтті (ФОТО)
ОҚО-да ең үздік өнімдердің көрме жәрмеңкесі өтті (ФОТО)
Оңтүстік Қазақстан өндірушілерін насихаттау мақсатында өткен жәрмеңкеде облыста өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл және құрылыс өнеркәсіптерінің жүздеген тауарлары ұсынылды.
Шараға қатысқан өңір басшысы Б.Атамқұлов ондағы өнімдермен танысып, облыс өнімдерінің брендін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
«Оңтүстік өнімі» деген тіркес бүкіл қазақстандықтар үшін «жоғары сапа» мен «тиімді баға» деген сөздермен теңдесуі керек. Сонымен қатар, шаруалар мен жұмысшылар, бизнестегі азаматтар ең бірінші тауардың сапасына мән беруі қажет. Сонда ғана біздің өнім – «Оңтүстіктің өнімі» нарықта жоғары сұранысқа ие болады»,- деді облыс басшысы.
Айта кетейік, аталған көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысының 150-ден астам тауар өндірушілері (далалық аудандарының 60-тан астам) соның ішінде 1 мыңнан астам зияратшылар қатысты.
Іс-шараның барысында «Қазақстанның үздік тауары» атты көрменің жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Конкурстың жеңімпаздары Астанада өткізілетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға мүмкіндік алды. Айта кететін жайт, бұл конкурсқа алғаш рет 15 жаңа компания қатысты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген