- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында қиыршық тас зауытының жаңа желісі іске қосылды (ФОТО)
Ақтөбе облысында қиыршық тас зауытының жаңа желісі іске қосылды (ФОТО)
Соңғы жылдары Қазақстанда қиыршық тасқа сұраныс айтарлықтай артты. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында Шалқар ауданының аумағында жұмыс жасайтын Біршоғыр қиыршық тас зауытының басшылығы жол құрылысына қажетті тауарлы ірі фракциялы қиыршық тас өндірісінен сұранысқа ие жоғары сапалы ұсақ фракциялы қиыршық тас өндірісіне ауысу жөнінде шешім қабылдады.
ЖШС қолданыстағы ДСК-350 қондырғысын өзгертіп, өндірісті модернизациялап, заманауи ұнтау жабдығын қолдану арқылы ДСК-300 технологиялық желісін құрды.
«Теміржол жөндеу» ЖШС бас директоры Искандир Қарсыбековтың айтуынша, аталған жобаны жүзеге асыру арқылы өндіріс қуаттылығын жылына 2 миллионнан астам тоннаға дейін арттырып, өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа қажетті 5-10 мм, 10-20 мм, 6 (f)d фракциялы тауарлы қиыршық тастың жаңа өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді.
Кәсіпорында жаңа 116 жұмыс орны ашылады. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 1,3 млрд. теңге.
Бүгін іске қосылған жобаның арқасында кәсіпорын ҚР көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктеріне ие болады. Нақтырақ айтқанда автожолдар құрылысы мен 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына атсалысады.
" Ең бастысы-жаңа өндіріс тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыс орындарын сақтау – бұл мемлекет басшысының тапсырмасы. Елбасы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне айрықша көңіл бөліп отыр”, - деп атап өтті «Қамқор» ЖШС ұжымын компанияның құрылғанына он жыл толуымен құттықтаған облыс басшысы.
Одан кейін Бердіек Сапараев қиыршық тас өндірісін іске қосты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары