- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында рельс дәнекерлеу кәсіпорны салынады
Ақтөбе облысында рельс дәнекерлеу кәсіпорны салынады
Ақтөбе рельсарқалық зауытының жұмысы «Теміржол жөндеу» ЖШС үшін Қызғалдақты станциясында рельс дәнекерлеу кәсіпорны құрылысын бастауға ынталандырды.
Аталған инвестициялық-стратегиялық жоба Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында жүзеге асырылуда.
«Теміржол жөндеу» ЖШС бас директоры Искандир Қарсыбеков облыс әкіміне дайындық жұмыстары туралы хабарлады. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері әзірленді, жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындау жөнінде келісімшартқа қол қойылды, инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық жұмыстар жүргізілді. Бұл жобаның ерекшелігі рельс дәнекерлеу кәсіпорнының рельсарқалық зауытының қасына салынуы. Өз кезегінде аралық логистикалық сатылар қысқарады, шығын мөлшері аз, заманауи және оптимальды шешімдер өндіріс тиімділігін арттыра түсіреді.
Жоба екі жылдың ішінде жүзеге асырылады. Жаңа инновациялық кәсіпорынға жабдықтарды Aigre Technology Co. in Chengdu компаниясы жеткізеді, өндірістік қуаттылық жылына 500 шақырымнан кем болмауы тиіс.
Аймақ басшысы жиналғандарды өңір үшін маңызды шарамен құттықтады.
“Бүгін «Теміржол жөндеу» ЖШС рельс дәнекерлеу кәсіпорны құрылысының іргетасы қаланды. Бұл жоба Ақтөбе рельсарқалық зауыты өндіретін ұзындығы 120 метрлік рельстерді дәнекерлеуге мүмкіндік береді және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жол шаруашылығының қажеттілігі толығымен өтейді. Өз тарапымыздан біз аталған жобаны жан-жақты қолдаймыз”, - деген өңір басшысы облыс әкімдігі, «Қамқор Менеджмент» және «Теміржол жөндеу» логотиптері бар капсуланы құрылыс болатын алаңға салды.
Кәсіпорында 50 жұмыс орны ашылады.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады