- Басты
- Жаңалықтар
- Кәріпбек Күйіков Семей ядролық полигоны туралы естелігімен бөлісті
Кәріпбек Күйіков Семей ядролық полигоны туралы естелігімен бөлісті
Семей полигоны – КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық нысан болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. 1953 жылы мұнда сутекті бомба жарылған. 40 жыл ішінде - 1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонында 473 ядролық жарылыс болған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
Осы оқиғалардың куәгері болған қазақстандық суретші және ядролық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіков өзінің естелігімен бөлісті. Қайғылы оқиға бұл отбасыны да айналып өтті, Кәріпбек Күйіков қолсыз туды. Бірақ, ол танымал суретші болуға кедергі келтірген жоқ.
- Кәріпбек, ядролық полигон орнына алыс емес жерде тұрдыңыз, отбасы мен өзіңіздің жағдайымен бөліссеңіз?
Мен Егіндібұлақта 1968 жылы Семей полигонынан 100 шақырымдық жердегі қарапайым қазақ отбасында дүниеге келдім. Мен өмірге келгенде анам ауыр жағдайды бастан кешірді, ол үш күн маған жақындай алмады. Дәрігерлер ата-анамды қасіреттен айықтыратын бір екпе салуды ұсынды бірақ, әкес дұрыс шешім қабылдап қайсарлық танытты. Ол менің бұл өмірдегі орнымды тауып беруге мүмкіндік берді. Мен ядролық тақырыпқа барлық өмірімді арнадым. Өз жұмысымда мен өз жағдайымда ғана емес, мыңдаған отбасылардың оқиғасын жеткізігім келеді. Мен бар әлемге Семей полигонында не болғанын жеткізгім келеді, олар бұл жағдайдың алдын алғанын қалаймын. Біз әлемдегі барлық ядролық сынақты жойсақ, ешкімнен қорғанудың қажеті болмайды. Бұл мақсатқа бірге баруымыз керек. Мен ядролық сынақтардан бас тартқан алғашқы елдердің бірінде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын.Антиядролық қозғалыстың күш-жігері арқасында 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сынақ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы ядролық сынақ осы жылдың 19 қазанында жасалды.
- Сіз жарылыстан кейін ауылда болған жағдай есіңізде ме?
- Менің әке-шешем бұл жарылыстың тірі куәгерлері болды. Олар қырға шыққанда жарылысты көрген, оларға тіпті ол көрініс ұнаған да болатын. Жарық от шыққанда өте әсерлі болған екен. Ол жарылыстан кейін жауын жауған. Адамдар не болғанын түсінбепті. Бірақ, радиодан ядролық сынақ болып, жерге тарағанын айтқан екен. Кейін есім кіре өзім де куә болдым: біздің өңірде ауру, кеміс балалар өте көп туатын. Мәселен, біздің үйге іргелес тұрған көршілеріміздің 6 баласы болды. Олардың барлығы түрлі деңгейдегі ауытқушылықпен туған.
Біз жердің дірілінен жиі шошып оянатынбыз. Үй шайқалып, құларман болып тұрады, асүйдегі ыдыс-аяқ атаулы бір-біріне соғылып, сыңғырлап, қаңғырлап, есімізді шығаратын. Өйткені, біздің село Семей полигонынан небәрі 100 шақырым жерде орын тепкен, тиісінше, жарылыс толқыны алдымен біздің елді мекенді және тұрғындарды басып өтетін.
-Қазір сынақ полигонының орнында не бар?
- Мен жақында полигон орынында болдым. Қазір ол жерде далаңқай. Қондырғылар мен құрылғылардың қалдықтары қалған. Бірінші жарылыс толқыны біздің аудан арқылы өткен, біз түнде ұйықтап жатқанда шифонер мен ыдыс-аяқтың сылдырын еститінбіз. Біз арқылы радиациялық толқын өтті, жер сілкінді деген сезімге адамдар үйрене бастады.
- Сіз көп жылдан бері сурет саласыз, сіздің жұмыстарыңыздың тақырыбы қандай?
- Мен ядролық сынақтардан зардап шеккен жандарға суреттер сериясын арнадым. Мысалы, Берік деген азаматпен таныстым, өте ақжарқын кісі, үйіне қонаққа шақырды. Оған операциялар жасап, бетіндегі алапат үлкен шорлар алып тасталынды, бірақ сонда да ол көрмейді. Соған қарамастан, нағыз дарын ретінде ол домбыра тартуды үйренген, пианинода да жақсы ойнайды.
Жалпы, мен өзімді кәсіби суретшімін деп санамаймын. Әрбір адам өзінің хал-жағдайы мен мүмкіндіктеріне қарай бейімделеді ғой. Өзім қолсыз туғандықтан, алғашында башпайларыма қарындаш қыстырып, әлденені кескіндеп көрдім, бұл баланың қарапайым, қарабайыр суреттері еді. Бұл іс мені еліктіріп әкеткені сонша, онымен көбірек айналыса бастадым. Алайда, аяқпен көп сурет салу омыртқамның қисаюына соқтырды. Сондықтан, ары қарай, негізінен, қылқаламды тісіммен тістеп, сурет салуға ден қойдым. Бұл да денсаулығыма кері әсер етіп, көз нұрыма нұқсан келтірді. Әйткенмен, мен қырық жыл ядролық жарылыстан көз ашпаған халқымның, өзімдей сынақтардан зардап шеккен жандардың қасірет-қайғысын, жанайқайын, сонымен бірге өмірге деген құштарлығын өз картиналарымда көрсетіп, дүниеге паш етуді мақсат етіп келемін.
- Сіз ядролық сынаққа қарсы қозғалысының белсендісісіз, ең біріншіден қандай мақсатты көздейсіз?
- Біріншіден, бірінші мақсат – кез-келген қарудан бас тарту, қазір мен «Аом» жобасының құрметті елшісімін. Біздің жоба Елбасының бастамасымен ашылды, қазір біздің сайтымызда онлайн-петиция бар, кез келген адам кіріп, өз дауысын ядролық сынаққа қарсы бере алады. Қайғы біздің халыққа жеңіс әкелді, ролигонды жаптық. Мен ядролық полигонды жеңген елде тұратынымды мақтан тұтамын.
- Сұхбатыңызға рақмет.
Индира Кауметова
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді