- Басты
- Жаңалықтар
- БЖЗҚ Ақтөбе облысы бойынша салымшылары саны 488 мыңнан асты
БЖЗҚ Ақтөбе облысы бойынша салымшылары саны 488 мыңнан асты
Ақтөбе облысында БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шот салымшыларының саны 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 488 012 бірлікті құрады. Барлық зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы салымдарынан құралады.
" Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтары туралы мәліметті салымшы Қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы, электронды пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе Android, iOS және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс жасайтын, смартфондарға арналған «ENPF» мобильді қосымшасы арқылы біле алады. Жарты жылда мобильді қосымшаны жүктеп алғандар саны 128 мыңға артып, 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 241,5 мыңға жетті, - деп атап өтті Жанар Шайхимова.
Жалпы алғанда, республика бойынша, БЖЗҚ алған таза инвестициялық табыстың көлемі 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында 267,21 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың осы аралығымен салыстырғанда, инвестициялық табыс мөлшері шамамен екі есеге көбейді. Айта кетейік, 2015 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 141,41 млрд. теңге болған.
Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы шоттарының саны, барлық келісімшарттар бойынша, осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, 10,15 миллионға жетті. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,22 трлн. теңгеден асты. БЖЗҚ-нан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 1 шілдедегі жағдай бойынша 96,60 млрд. теңге болса, оның ішінде 10,08 млрд. теңге сақтандыру ұйымдарына аударылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды