- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскерлері жас офицерлермен толықты (ФОТО)
ҚР ҚК-нің әскерлері жас офицерлермен толықты (ФОТО)
«Астана» өңірлік қолбасшылығында 46298 әскери бөлімінің базасында жас лейтенанттармен оқу-әдістемелік жиындар өтуде. Жиынның негізгі мақсаты жас офицерлерге лауазымды қабылдап алу, жеке құраммен жұмыс жасаудағы оқу үдерісін ұйымдастыру мен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты сапалы өткізу жөнінде қажетті білім аясын кеңейту болып табылады.
«Сіздерге республикамыздың аумағында тұрып жатқан дүйім жұрттың өміріне жауап беру үлкен жауапкершілігі жүктеліп отыр. Сіздер еліміздің алдында ғұмыр бойы ұлы абыроймен мемлекетімізді нығайтуға, дамытуға және қорғауға, баршаға және барлық жағынан үлгі болуға тиіссіздер», - деп «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жиын бастығы полковник Ермиян Бятов сөз сөйлеу барысында атап өтті.
Жас толым әрі қарай қызмет өткеру үшін ҚР Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне келетінін айта кетейік. Сонымен, жуырда ғана Қытайдың Әскери-теңіз академиясын, Санкт-Петербор қ. Әскери-теңіз академиясы мен Құрлық әскерлерінің Әскери институтын тәмамдаған 12 жас лейтенант ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерін толықтырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту