- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Олимпиадалықтардың жеңісі көпэтникалық Қазақстан халқының бірлігін айқындады
Н. Назарбаев: Олимпиадалықтардың жеңісі көпэтникалық Қазақстан халқының бірлігін айқындады
«Құрметті, олимпиадалықтар, ардақты қазақстандықтар сіздерді Риодағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсеткендіктеріңмен құттықтаймын. Олимпиада медалі, жоғары спорт нәтижелері мен спортшылардың жетістіктері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып отырған құрмет», - деді Елбасы.
Президент айтып өткендей, Ұлттық құрама тек өзінің серіктестерінің ғана емес, барша қазақстандықтар мен жанкүйерлердің үмітін ақтады.
«Олимпиадада ұлттық құрама әр түрлі спорт түрінен 17 медаль алды, бұл өзге Олимпиадардағы көрсеткіштерден жоғары. Ресми емес медальдік нәтижеде біздің құрама 270 команданың ішінен 22 орынды алды», - деді Елбасы.
Сондай-ақ, Н.Назарбаев Олимпиадалықтардың жеңісі көпэтникалық Қазақстан халқының бірлігін айқындағанын айтып өтті.
«Біздің құрамада әр түрлі ұлт өкілдері бар, бірақ бар Қазақстан сіздерге жанкүйер болды. Бізге осындай қуаныш сыйлағандарың үшін алғыс білдіреміз», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, төртжылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғады.
Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль еншіледі. Жалпы командалық есепте қазақ елі 22-ші орынды иеленіп, медаль саны жағынан рекорд жаңартты.+
Бұған дейін еліміз Атлантада - 11, Сиднейде - 7, Афиныда - 8, Бейжіңде - 13, ал Лондон Олимпиадасында 13 медаль еншілеген болатын. Ал осы жолы ұлттық құрама 17 жүлдені жеңіп алды.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады