• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР СІМ-де Семей полигонының жабылуына арналған суреттер көрмесі ашылды (ФОТО)

ҚР СІМ-де Семей полигонының жабылуына арналған суреттер көрмесі ашылды (ФОТО)

26 Тамыз, 2016 17:56
Сыртқы істер министрлігіндегі көрмеде 1949-2013 жылдар арасындағы суреттер мен 206 бірегей мұрағаттық құжат көшірмесі қойылды. Шара Семей ядролық полигонының жабылуына арналды. Суреттер мен құжаттар бес бөлікке бөлінген.

Сыртқы істер министрлігінде ҚР Президентінің мұрағатымен біріккен  тарихи құжаттар мен суреттердің көрмесі өтті. Ол Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлықтың пайда болуының 25 жылдығына арналды.

«Көрменің басты мақсаты Қазақстанның жаһандық ядролық сынақтан бас тарту мен  Елбасының Семей ядролық полигонын жабу шешіміне негізделген», - деді СІМ вице-министрі Роман Василенко.

Сыртқы істер министрлігіндегі көрмеде 1949-2013 жылдар арасындағы суреттер мен 206 бірегей мұрағаттық құжат көшірмесі қойылды.  Шара Семей ядролық полигонының жабылуына арналды.   Суреттер мен құжаттар бес бөлікке бөлінген.

«Қазақстан Тәуелсіздіктің бірінші жылынан бастап болашақты ядролық сынақтан арылту мәселесіне қатаң қарады, қазір де ол дәстүрді жалғастырып келе жатыр. Біз болашақта ұрпақтар ядролық сынақтарсыз өмір сүру керектігін нық басып айтамыз», - деді ол.

Сурет: Азамат  Әлиев

Барлық жаңалықтар