- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында Қытаймен бірігіп зауыт салу жоспарлануда
Павлодар облысында Қытаймен бірігіп зауыт салу жоспарлануда
Аймақ басшысы өз сөзінде атап өткендей Қытай Халық Республикасы біздің облысымыздың Азия елдерінің арасындағы негізгі сауда әріптесі болып табылады. Өткен жылы Қытаймен арадағы сауда айналымы 600 млн. доллар сомаға дейін жеткен. Оның басым бөлігін біздің кәсіпорындарға сатып алынған құрал-жабдықтардың импорты құрайды. Павлодар облысының кәсіпкерлері Қытайға полипропилен өнімдері мен күнбағыс майын сатылымға шығарды.
«Біздің облысымыздың инвестициялық тартымдылығы – оның тиімді географиялық жағдайы, табиғи ресурстардың молдығы, дамыған өндірістік базасы, бос жатқан өндірістік аймақтардың көптігі, білікті еңбек кадрларының болуында. Павлодар облысының аумағында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыттың салынуы біздің іскери қатынастарымызды дамытуға қосымша серпін берері сөзсіз», - деп атап өтті Болат Бақауов.
Өз кезегінде Hubei Yihua Group Ltd компаниясының басшысы Цзян Юань Хуа облыс басшылығына қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, өзі басқарып отырған компания қазақстандық әріптестермен байланысты нығайтуға мүдделі екендігін жеткізді. Компания директорының айтуынша ол басқарып отырған холдинг Қытайда мұнай-химия өнімдерін шығару бойынша екінші орында тұр. Холдингтің жылдық сауда айналымы 15 млрд. долларды құрайды. Компания қызметінің негізгі түрі – тыңайтқыштар шығару болып табылады. Холдингтің жылдық өндіріс көлемі 13 млн. тоннаны құрайды. Сонымен қатар, Hubei Yihua Group Ltd Қытайдағы каустикалық соданы шығаратын ең ірі өндіруші. Корпорацияда 40 мың жұмысшы істейді және Қытайдың 18 провинциясында өз зауыттары бар.
«Бұл менің Қазақстанға ең бірінші сапарым. Мен қазақстандық әріптестермен танысып, бірлескен жобаларды дамыту арқылы өзара әріптестікті жақсартқым келеді»,- деді Цзян Юань Хуа.
Болат Бақауов қытайлық қонақтарға облыс орталығындағы ірі кәсіпорындарға барып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысуға кеңес берді. Сонымен қатар, аймақ басшысы «Павлодар» экономикалық аймағы туралы айтып, инвесторлар үшін бұл аймақтың тиімділігін атап өтті.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды