- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскери полиция әскери қызметшілерін халықаралық байқаудағы жетістіктері үшін марапаттады (ФОТО)
ҚР ҚК-нің әскери полиция әскери қызметшілерін халықаралық байқаудағы жетістіктері үшін марапаттады (ФОТО)
Кинолог әскери қызметшілер аға лейтенант Кәрім Ыбыраевқа, майор Бейбіт Жақсыбаевқа, капитан Бауыржан Мұқышевқа, сондай-ақ, Армия ойындарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жауапты болған офицерлерге Әскери полициясы бас басқармасы бастығының атынан бағалық сыйлықтар – атаулы сағаттар табыс етілді.
Әскери полицияның гарнизондық бөлімшелерінде кинологиялық бөлімшелерге ит күркеге, сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған кинологиялық қызметтің тұрмыстық қызметінде қажетті тоңазытқыштар табысталды. Одан басқа, 4 әскери қызметшіге әскери полиция органдарының дербестендірілген белгісі берілді.
«Әскери полицияның кинологиялық орталығын құру қажеттілігі туындайды. Қызметтік иттерді сапалы іріктеу, асырап-бағу, кинолог мамандарды дайындау және қайта дайындаудың жаңа әдістемелерін енгізу және зерделеу, қызметтік іздестіру иттерін үйрету бойынша қажырлы жұмысты жалғастыруды қажет етеді. Сондай-ақ, келесі Армия ойындарына дайындық та маңызды болып отыр. Онда командамыз жеңіс тұғырынан көрінуді әрі қарай жалғастырып, жеңімпаздар қатарында болып, Қазақстанымыздың туын көкке желбірететініне сенімдімін. Мұндай оң оқиғалар әскери полиция органдарының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында болып жатқаны аса маңызды» - деді құттықтау сөзінде Әскери полициясы бас басқармасының бастығы генерал-майор Тимур Дәндібаев.
Армия халықаралық ойындары – 2016 шеңберінде «Адал дос» тұңғыш халықаралық кинологиялық байқауында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің намысын қорғаған әскери полиция органдары кинолог мамандарының командасы Қытай, Ресей, Белоруссия қарулы күштерінің 5 командасы мен Ресей Федерациясының ААФКЕҚ командасы арасынла 2-ші жалпы командалық орынды жеңіп алғанын естеріңізге сала кетейік. Одан басқа, дог-биатлон (эстафета) конкурсы кезеңдерінің бірінде капитан Бауыржан Мұқышев 4 бәсекеге түскен командалардан оза шауып, атыс шебінде жақсы нәтиже мен оқ ату дәлдігін паш етіп, 1-орынды еншіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді