Петропавлда ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған салтанатты жиын өтті

1 Желтоқсан, 2013 09:44
Петропавлда ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған салтанатты жиын болып өтті, деп BNews.kz. хабарлады.

«Салтанатты шараны «Қазақстан-Петропавл» дайындаған Тұңғыш Президент жайындағы фильм ашты». – делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа сіңірген ерен еңбегі жайлы облыс әкімі Самат Ескендіров айтып өтті.

« Халық өз Көшбасшысын мақтан тұтады. Оның бастамасымен әр түрлі мемлекеттік бағдарламлар жүзеге асуда. Ол әрбір қазақстандықтың жағдайын жақсартуға бағытталған. Біздің еңбекқорлығымыз бен айқын мақсат қоя білуіміз Елбасының салиқалы саясатының арқасында жүзеге асып отыр. Өткізіліп жатқан реформалардың барлығы еліміздің одан әрі гүлденуіне әсерін тигізеді», - деді облыс әкімі.

Тұңғыш Президент Күніне орай солтүстікқазақстандықтар  алқа, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

Барлық жаңалықтар