- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы форумда жастар инновациялық әзірлемелерін таныстырды
Астанадағы форумда жастар инновациялық әзірлемелерін таныстырды
Жастар саясатын жүзеге асыру мәселелерін талқылау үшін 500 астам адам жиналды. Форумға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, қалалық мәслихат депутаты Асхат Оралов, «Астана Жастары» ресурстық орталығының басшысы Әнуар Нұрпейісов және т.б. қатысты.
«Елордада Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында осындай ауқымды форумның өткізілуі біз үшін аса маңызды. Астананың өзіндік «гравитациясы» бар, ол таланттарды, жаңа жобаларды, қаржылық, зияткерлік және әлеуметтік капиталды өзіне тартады. Мемлекет басшысының осы сөздері Астананың қайталанбас атмосферасының тереңдігін, ерекше энергетикалық аурасын жеткізеді» Форум аясында жасыл технологияларды дамыту және инновацияларды өндірісте пайдалану бойынша жобалар көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ, тал сабақтарынан тоқылған бұйымдар жасау шеберханасы сияқты әлеуметтік жобалар да таныстырылды.
« Бүгінде біздің шеберхана халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастырады, қазіргі кезде 30 жуық адам оқытылды, мүгедектігі бар 8 адам жұмыс істеп жүр», – деді Best for kids қоғамдық қоры жанындағы Green Tal әлеуметтік жобасының жетекшісі Эмин Аскеров.
Жас кәсіпкер жиналған қауымды әлеуметтік кәсіпкерлікті белсенді дамытуға, осылайша халықтың барлық топтарына жұмыс беру мүмкіндігін ұсынуға шақырады.
«Астана Жастары» ресурстық орталығының басшысы Әнуар Нұрпейісов елордада түрлі жастар субмәдениетінің өкілдері, талантты және креативті тұрғындары тәжірибе алмасатын, шеберлік дәрістері мен тренингтер өткізетін бірыңғай орталық құруды ұсынды», – деп атап өтті Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.
Оның айтуынша, Астанада қолға алынған жаһандық жобалар, әсіресе ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу технологияларды, жаңа экологиялық өндірістерді және кәсіптерді, инновациялық экономика мен индустриалды бизнес стандарттарын дамыту жолындағы нақты қадамға айналуы керек.
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Жаһандану және жастар тәрбиесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Президенттік жастар кадрлық резервіне ену жолдары қандай -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр