- Басты
- Жаңалықтар
- Семей ядролық полигоны: Адамзатты сақтап қалған Қазақстан басшысының тағдыршешті шешімі
Семей ядролық полигоны: Адамзатты сақтап қалған Қазақстан басшысының тағдыршешті шешімі
«Сізден басқа ядролық сынақтарды тоқтатуға ешкім лайықты емес, себебі сіздің халық оның зардаптарын шекті», - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун 2010 жылы Қазақстанға келген сапарында Нұрсұлтан Назарбаевқа осылай деді.
Сондай-ақ, Пан Ги Мун Қазақстан Президентіне әлемдік ядролық сынаққа қарсы қозғалысты басқару керектігін айтты.
Семей полигонындағы сынақтар тарихтың драмалық парақтары болып сақталады, Н.Назарбаевтың ядролық сынақтарды жабу туралы тағдыршешті шешімі бұқаралық жоюға арналған қаруды тоқтатуға арналған алғашқы шешім болды.
«Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлық өткенге кетіп барады. Әрбір адам немесе саясаткер мен 20 жыл бұрын бастан кешіргенімді елестете алмайды. Бұл зұлымдықты жеңген қуаныш болатын. Алдымен Кеңес Одағының әскери-өндірістік кешенінің қарсылығына төтетіп беру керек болды. Ол кезде Горбачевтің басшылығына да қарсы шықтық. Жыл өткен сайын бұл шешімнің өркениеттілігі арта түсті», - деді Н.Назарбаев 2011 жылы «Ядролық қарусыз әлем» атты Халықаралық форумда.
Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Антиядролық қозғалыстың күш-жігері арқасында 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сынақ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы ядролық сынақ осы жылдың 19 қазанында жасалды.
Оларды Семей, Павлодар, Өскемен, Жезқазған жұмысшылары және сондай-ақ Жоғарғы Кеңес қолдады. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы Семей қаласындағы бөлімшесінің 1989-2000 жылдары алғашқы төрағасы болған Марат Мауытқанұлы Оразалин қозғалыстың құрылған кездерін былай деп еске алады: -1989 жылы ақпанның 12-і мен 18-і күндері әскерилер ешкімге ескертпей, Семей полигонында атом бомбасының сынағын өткізді. Сынақ кезінде жердің жарығынан оқшау (инертті) газдар ауаға бөлініп шыққан екен.
Улы газ алдымен Курчатов қаласының маңындағы Шаған қаласын басып, артынан жел тұрып, газды Алтай өңіріне айдап әкетеді. Бұл жайтты естіген сол кездегі Қазақ КСР Коммунистік партиясының Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев КСРО Орталық комитетіне сынақты тоқтатып, сол жердің халқына көмек көрсетуді талап еткен мазмұнда шифрограмма жібереді. Бұл атом қаруының сыналуына қарсы ашық түрде жасалған шаралардың бірі болатын.
1991 жылы Президент Н. Назарбаевтың Қаулысымен полигон толықтай жабылды. Кейіннен 29 тамыз – халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілді, Қазақстан ядролық қарудан бас тартты.
Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлығы – 1991 жылдың 29 тамызы күні шықты. Сөйтіп тиянақтылық пен табандылық танытқан қазақ халқы өз мақсатына жетті.
Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру» қарарын қабылдады.
Семей сынағының құрбаны - белгілі суретші, АТОМ жобасының Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіков. Тағдыр тәлкегіне ұшыраса да мойымаған ол қылқаламын тісіне серік етіп, ядролық сынақ зардабын бейнелейтін туындыларын майлы бояумен кенеп бетіне түсіріп келеді. Сұхбаттарын оқып отырып ұққанымыз ол, әлі күнге дейін түнде түсіне кірген қызыл жалын "саңырауқұлақтан" шошып оянады екен. Сонымен қоса ол АТОМ жобасы аясында АҚШ, Голландия, Норвегия, Германия, Австрия, Швейцария секілді бірнеше елдерде өз көрмесін өткізіп үлгерген. Өз сөзімен айтсақ ол ядролық сынақ зардабын шет елдерге дәріптеп сынақтың соңғы құрбаны болу.
Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 29-тамыз халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн болып белгіленді. Еліміз бейбітшілік сүйгіш саясатымен әлемдік қоғамдастықта өзіндік орнын алған елдердің санатында танылып келеді.
Кроме того, Манифест Нурсултана Назарбаева «Мир. XXI век» с которым наш Президент 5 апреля текущего года выступил с трибуны Саммита по ядерной безопасности в Вашингтоне стал официальным документом Генеральной Ассамблеи и Совета Безопасности ООН.
«Біздің тәжірибеміз – өзге елдерге арналған бағдарлама, ішкі, сыртқы саясатты құрып, әлемді бейбітшілікке шақырудың нұсқасы. Қазақстан соғысты тоқтату үшін өзінің нұсқасын ұсынып, шешім қабылдады. Елбасының Манифесі – БҰҰ ресми құжаты атанған. Біз, қазақстандықтар Елбасының ерлігін мақтан тұтуымыз керек», - деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді