- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен дамуда - Түркия елшісі
Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен дамуда - Түркия елшісі
Тараптар қос мемлекет басшыларының мемлекеттік іс-сапарлары мен кездесулерінің арқасында жыл сайын жоғары деңгейде дамып келе жатқан екіжақты қарым-қатынас жайына тоқталды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияда іске аспай қалған әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін алғашқы болып Анкараға ресми сапармен барды. Невзат Уянык өз кезегінде бұл сапарды Түркия халқы мен Үкіметінің өте жоғары бағалағанын, сонымен қатар, бұл сапар әлем алдында Қазақстанның қолдауын айғақтай отырып, нағыз достық пен бауырластықты дәлелдегенін айтты. Мәжіліс Спикерінің айтуынша Түркия халқы осы кезеңде өз басшыларын қолдау арқылы демократиялықтың жоғары үлгісін көрсетіп, ауыр сынақтан лайықты өтті.
Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы елшіге және бүкіл түркі халқына рақымсыз лаңкестік оқиғадан кейінгі қайғылы жағдайға байланысты көңіл айту білдірді.
“Қазақстан лаңкестік әрекеттің кез-келген түрін қатаң айыптайтынын, оған қарсы батыл күрес жүргізіп, осы бағытта халықаралық қауымдастықпен белсенді іс-қимыл жасайды”,-деді Н. Нығматулин.
Н. Нығматулин Қазақстан Президентінің Ресей мен Түркия ұстанымдарын жақындастырудағы маңызды әрі сындарлы рөлін алға тартып, Қазақстан әрқашанда Түркияның стратегиялық сенімді әріптесі әрі досы болып қалатынын атап өтті.
Өз кезегінде елші Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген әрі салиқалы саясатының нәтижесінде Қазақстанның 25 жылдық мерейтойға қарқынды даму табысымен келгендігі барша Түркиялықтарды тәнті ететінін алға тартты.
Парламентаралық байланыс мәселесін де назардан тыс қалдырмаған кездесу иелері екі ел депутаттарының ынтымақтастық жөніндегі топтар мен халықаралық парламенттік ұйымдар арқылы бірлесе белсенді жұмыс атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру