- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық мемлекеттілікті құру мақсаты сәтті орындалды - Рогов
Қазақстандық мемлекеттілікті құру мақсаты сәтті орындалды - Рогов
«Қазақстан мемлекеттің барлық атрибуттарымен егеменді және тең құқылы мемлекет ретінде қалыптасты. Халық ғасырлар бойы армандаған қазақстандық мемлекеттілікті қайта жасау бойынша тарихи міндеті табысты орындалды. Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді және «Қазақстан-2050» Статегиясының – дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатына жетуге ілгерілеуде состоялся как суверенное и равноправное государство со всеми атрибутами государства.», - деп атап өтті Кеңес басшысы.
КК Төрағасы Игорь Рогов талқылау барысында елдің Негізгі Заңының нығайтушы рөліне ерекше назар аударды.
«Негізгі Заңды құрметтеу, конституционализм идеялары мен қағидаларына шынайы берілгендік, оларды жаппай мақұлдау мемлекет алдында тұрған жоғары мақсаттарға жетудің кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген бағытты мүлтіксіз қолдану қажеттілігі жыл сайын қоғам санасында көбірек сіңірілуі тиіс.», – деп қорытындылады И.Рогов.
Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы 1993 жылы қабылданды. Егемендікті заңды ресімдеу үдерісін біржола аяқтаған қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы жалпыхалықтық реферндумда қабылданды. Ол өзіне жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің негізгі элементтерін қамтиды: территориялық бүтіндік, азаматтық, қолданыстағы құқық, мемлекеттік тіл, халықаралық субъектілік құқығы, мемлекеттік билік органдары жүйесі және т.б.
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСРО мемлекеттің егемендігі туралы Декларациясындағы негізде елдің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды