• Басты
  • Астанада Армия халықаралық ойындары – 2016 байқауларының жеңімпаз әскери қызметшілері ұлықталды (ФОТО)
25 Тамыз, 2016 19:17

Астанада Армия халықаралық ойындары – 2016 байқауларының жеңімпаз әскери қызметшілері ұлықталды (ФОТО)

Астанадағы ҚР ҚК Әскери-патриоттық орталығында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Ресей мен Қазақстанда өткен Армия халықаралық ойындары – 2016 байқауларының жеңімпаз әскери қызметшілерін құттықтады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астанада Армия халықаралық ойындары – 2016 байқауларының жеңімпаз әскери қызметшілері ұлықталды (ФОТО) | Strategy2050.kz

«Мен Ресей Федерациясымен қатар биылғы жылы елімізде алғаш рет өткен Армия халықаралық ойындарына қатысқандардың барлығын құттықтайтыныма қуаныштымын.  Біз жалпы командалық екінші орынды еншіледік.  Мұның өзі жетістік. Өйткені, армиямыздың тарихындағы ең ауқымды әскери бәсекенің куәгері болдық. Мұндағы сәттіліктің құны жай ғана жоғары емес, шынайы күрделі әрі құрметті болды.  Жер жаһанның 19 елінен келген 120 команда, мыңдаған мықты әскери кәсіпқойлар, жүздеген бірлік әскери техника  мен авиация екі апта бойы өз ісінде үздіктер атағына бақ сынасты. Сондықтан бұл нәтижеге жетуіміз ортақ күш-жігеріміз бен әрбір команда мүшесінің жемісі», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

  Армия халықаралық ойындары – 2016 байрақты бәсекесіне қатысқан 20 сардарға қол жеткізген жетістіктері үшін кезекті әскери атақтары мерзімінен бұрын берілді. Олардың арасында «1-дәрежелі капитан» әскери атағы Әлібек Ахетовке, «подполковник» шені Руслан Алғуатовқа, Ербол Әубәкіровке, Дәурен Еспердиновке, «майор» атағы Талап Бірбалановқа, Аманжол Рахметовке, Рустам Кәрімовке, Әділбек Ысқақовқа, Руслан Мақадиевке берілді. Байқаудағы жоғары жетістіктері үшін әскери қызметшілерге  бағалы сыйлықтар табыс етілді. «Мерген шебі» байқауының жеңімпазы кіші сержант Нұрсұлтан Бақтыоразға автокөлік, «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауының жүлдегері сержант Ғабит Дәулетовке автокөлік, есептоп мүшелеріне теледидар, «Танк биатлонының» үздік экипажы 10810 ә/б танкті ротасының командирі аға лейтенант Асылбек Мүсірманқұловқа автокөлік, экипаж мүшелеріне теледидар. 

 «Елбасымыз – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Абырой, даңқ, қажырлық, жеңіс және армияда мақтан етуге дағдыланып қалғанымыздың барлығы қарапайым сарбаздың үлкен жауапкершілігінің жемісі ғана». Менің пайымдауымша, бұл жауынгерлік сайысқа қатысушылардың әрқайсысының күш-жігерінен болған ой-пікірден ғана қисынды емес. Бұл жалпы командалық рухымыздың көрсеткішіне айналды», - деп қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті. Наградалар және құнды сыйлықтармен қатар жүлделі орындарға ие болған ойынға қатысқандардың баршасы 10 күндік демалыс және ақшалай сыйақымен көтермеленді.

Ойынға қатысушылардың бірқатары, сондай-ақ, шығармашылық топтың жетекшілері «Халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалімен марапатталды. Барлық сайыстар тікелей эфирде көрсетілгенін айта кетейік. Жалпы алғанда, Канада, Ұлыбритания, Жапония мен АҚШ сияқты елдердегі  көрермендер де қамтылып,  аталмыш бәсекені 450 мыңнан аса адам тамашалады. Бұл дегеніміз –  ойынның жоғары деңгейде өткенінің дәлелі.  Келесі жылы Қазақстан өз жерінде Армия халықаралық ойындарын жаңартылған бағдарлама түрінде өткізеді. Әскери полигондарымыздың аумағында алғаш рет 5 байқау өткізіледі. Оның 3-еуі пішімі мен қатысушылары бойынша тың жаңа. Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына алғаш рет броньдалған автомашиналардағы ралли, ҰҰА байқауы, сондай-ақ, әйел әскери қызметшілерге арналған көпсайыс арнайы байқауы қосылады.  
 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды