- Басты
- Жаңалықтар
- 1991 жылы Президенттің жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
1991 жылы Президенттің жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру» қарарын қабылдады.Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Антиядролық қозғалыстың күш-жігері арқасында 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сынақ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы ядролық сынақ осы жылдың 19 қазанында жасалды.

Қозғалыс белсенділері. Айта кетер жайт, қозғалысқа кәрі-жас, үлкен-кіші демей халық бір кісідей жұмылды. Соның арқасында жарты ғасыр індет ошағы болған дертті аумақ жабылды.

Оларды Семей, Павлодар, Өскемен, Жезқазған жұмысшылары және сондай-ақ Жоғарғы Кеңес қолдады. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы Семей қаласындағы бөлімшесінің 1989-2000 жылдары алғашқы төрағасы болған Марат Мауытқанұлы Оразалин қозғалыстың құрылған кездерін былай деп еске алады:

Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлығы – 1991 жылдың 29 тамызы күні шықты. Сөйтіп тиянақтылық пен табандылық танытқан қазақ халқы өз мақсатына жетті.

Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған.



Семей сынағының құрбаны - белгілі суретші, АТОМ жобасының Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіков. Тағдыр тәлкегіне ұшыраса да мойымаған ол қылқаламын тісіне серік етіп, ядролық сынақ зардабын бейнелейтін туындыларын майлы бояумен кенеп бетіне түсіріп келеді. Сұхбаттарын оқып отырып ұққанымыз ол, әлі күнге дейін түнде түсіне кірген қызыл жалын "саңырауқұлақтан" шошып оянады екен. Сонымен қоса ол АТОМ жобасы аясында АҚШ, Голландия, Норвегия, Германия, Австрия, Швейцария секілді бірнеше елдерде өз көрмесін өткізіп үлгерген. Өз сөзімен айтсақ ол ядролық сынақ зардабын шет елдерге дәріптеп сынақтың соңғы құрбаны болу.
Материалды дайындаған: e-history.kz
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді