- Басты
- Жаңалықтар
- СІМ: Қазақстан - ядролық қаруды таратпау саласындағы жаһандық көшбасшы
СІМ: Қазақстан - ядролық қаруды таратпау саласындағы жаһандық көшбасшы
Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігі мен «World Peace Flame» қорының ұйымдастырған іс-шара ү.ж. 24 тамызда өтіп, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуы мен Қазақстанның ядролық қарусыздандыру, таратпау, бейбітшілікті пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы үлесіне арналды.
Рәсімнің ашылуында сөз алған Елші Мағжан Ілиясов Семей ядролық сынақ полигонын жабу мен ядролық қарудан өз еркімен бас тарту жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімін атап өтті. Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құру, БҰҰ-мен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнінің енгізілуі, Ядролық қарусыз әлем жөніндегі декларацияның қабылдануы, Халықаралық атом қуаты агенттігінің төмен байытылған уран банкісінің орналастырылуы, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесті ұсынылуы мен Мемлекет Басшысының басқа да бастамаларының іске асырылуы Қазақстанды ядролық қаруды таратпау саласындағы жаһандық көшбасшы ретінде танытқаны атап өтілді.
Өз сөз сөйлеуінде Нидерландтың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ханс Дриссер, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымының Сыртқы қатынастар директоры Кай Чен және «Бейбітшілік үшін мәңгі алауы» қорының өкілі Джон Юргенс Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік саласындағы, ядролық қарусыз әлем құрудағы күш-жігерін жоғары бағалады. Қазақстанның антиядролық бастамалары халықаралық қауымдастық тарапының кең қолдауына ие болып, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы ортақ беталыстың біріге жұмылуына себеп болғандығы атап өтілді.
«World Peace Flame» ескерткіші - әр елдің бейбітшілікке қосқан үлесінің символы ретіндегі 196 мемлекеттен әкелінген тастармен қоршалынған мәңгі алау болып табылады. Тастардың арасында бірегей кездесетіндері бар. Мысалға ескерткіште Берлин қабырғасының сынығы, Нельсон Мандела көптеген жылдар қамауда отырған Роббен аралының тасы бар. Қазақстан ядролық сынақтардан едәуір зиян шеккен Шығыс Қазақстан облысынан жеткізілген таспен ерекшеленіп отыр.
Монумент «World Peace Flame» ХХ ғасырда салынған әлемге әйгілі архитектура ескерткіші болып табылатын, БҰҰ Халықаралық Соты мен Тұрақты Аралық Сот палатасының орналасқан Бейбітшілік Сарайының («Peace Palace») аумағында салынған. Сарайдың саябағы қала тұрғындары мен туристтердің сүйікті көрікті жерлерінің бірі болып табылады.
Ендігәрі «Бейбітшілік үшін мәңгі алауы» ескерткішіндегі Шығыс Қазақстаннан жеткізілген «Бейбітшілік тасы» адамзатқа ядролық сынақтан келер қасіреттің қайталануына жол бермеу мен Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы үлесінің әрдайымғы естелігі болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді