Бүгін - ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

1 Желтоқсан, 2013 09:00
Дәлірек айтсақ, 1991 жылы 1 желтоқсанда елімізде жалпыхалықтың президент сайлауы өткізілді.

Осы күні Тәуелсіз Қазақстанды ел бірлігін нығайту, нарықтық экономика құру, мемлекеттілігін қалыптастыру жолында жетістікке жетелеген берік іргетас құйылды.

Естеріңізге сала кетсек, Тұңғыш Президент күнін атап өтуді Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында бір топ депутат ұсынған болатын.

2011 жылы 10 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» заңын қабылдады, онда 1 желтоқсан жаңа мемлекеттік мереке -Тұңғыш Президент күнін атап өту белгіленген. Сол жылы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы аталмыш заңға қол қойды.

 

Барлық жаңалықтар