- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың жас суретшілері елорданың көрікті жерлерін қағаз бетіне түсірді (ФОТО)
Астананың жас суретшілері елорданың көрікті жерлерін қағаз бетіне түсірді (ФОТО)
Шараны ұйымдастырушы Досан Қауменнің айтуынша, плэнердің негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен балалардың суретке деген қабілетін анықтау.
«Біз бұл пленэрді жасөспірімдер мен балалардың дарынын, қабілетін анықтап, суретке деген сүйіспеншілігін арттыру үшін қолға алдық. Бұл шараға шамамен 40 бала мен жасөспірім қатысуда. Әрі пленарға қатысушылар әсем Астананың көрікті жерлерін қағаз бетіне түсіре алады. Пленардан соң Астана сурет галереясы арнайы байқау өткізеді», - деді ол.+
Сонымен қатар, ұйымдастырушы байқаудың қашан және қалай ұйымдастырылатынын түсіндірді.
«Балалар нені қаласа, соны қағаз бетіне түсіре алады. Яғни елордамыздың әсем ғимараттарынан бастап, архитектуралық мақамдарды сала алады. Тақырып еркін. Ал байқау қорытындысы 31 тамыз, ҚР Конституция күні белгілі болады. Номинация жоқ. Жеңімпаздарды 1,2,3-орындар бойынша марапаттаймыз», - деді Досан Қаумен.
Байқауға қатысып жатқан 10 жастағы Диана Беккердің сурет салумен айналысқанына 4 жыл болыпты. Бүгін «Бәйтерек» монументін салуды жөн деп тапқан.
«Мен «PERSONA plus» Арт-орталығында оқимын. Сурет салғанды жақсы көремін. Себебі, бұл менің жан дүниеме қуат береді. Бүгін елорданың басты символы – «Бәйтерек» монументін» салып жатырмын. Қолыма қылқалам алғаныма 4 жыл болды», - деді жас суретші.
Айта кетейік, ашық аспан астындағы пленэр 26 тамызға дейін жалғасады.
Сурет: Бауыржан Жуасбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту