- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» ұлттық холдингі бірқатар польшалық компаниялармен ынтымақтастықты бастайды
«Бәйтерек» ұлттық холдингі бірқатар польшалық компаниялармен ынтымақтастықты бастайды
Қазақстан мен Польша мемлекет басшыларының қатысуымен Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен Польша Мемлекеттік банкі, «Bank Gospodarstwa Krajowego» арасындағы келісімге қол қою рәсімі өтті. Аталған келісім Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандыруға және кеңейтуге, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық экспорт пен польшалық тауарлар мен қызметтердің өсуіне мүмкіндік беретін инвестицияларды тартуға бағытталған. Келісім 300 млн EUR сомасына есептелген бірлескен жобаларды іске асыруды қарастырады.
Қазақстан-Польша бизнес форумы барысында Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен Польша кәсіпкерлікті дамыту агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім екі ел кәсіпкерлік мәселесін дамытуды, Қазақстан мен Польша кәсіпорындарын қолдауға бағытталған бірлескен халықаралық және ұлттық іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ өзара ақпаратпен алмасу салаларындағы ынтымақтастықты көздейді.
Сондай-ақ, Холдингтің еншілес ұйымы «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» мен Польшалық KUKE экспорттық сақтандыру агенттігі арасында экспорттық-кредиттік операцияларды қолдау кезінде екінші рет сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жасасылды.
Холдинг пен Польшалық KUKE экспорттық сақтандыру агенттігі арасында экспорттық-кредиттік операцияларды қолдау кезінде екінші рет сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Сонымен қатар, Ерболат Досаев Польша Даму министрлігінің жауапты хатшысы Радослав Домагалский – Лабедскимен және Польшалық KUKE экспорттық кредиттік сақтандыру жөніндегі компания басшысымен кездесулер өткізді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер