• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тұңғыш Президент Күніне орай Алматы метрополитенінде спорттық шаралар өтті

Тұңғыш Президент Күніне орай Алматы метрополитенінде спорттық шаралар өтті

1 Желтоқсан, 2013 09:19
Кеше, 30 қараша алматылық метрополитенде Тұңғыш Президент Күніне орай спорттық шаралар өтті, деп қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі Ахметжан Есімов қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, Елбасы қаланың өсуіне көп көңіл бөлетіндігін атап өтті.

«ҚР Президентінің қолдауының арқасында 2 жыл бұрын Алматыда метрополитен ашылды. Осы уақыт аралығында метро тұрғындардың сүйікті көлігіне айналды. Егер бірінші айларда метроны 13-14 мың адам пайдаланса, қазір жолаушылар саны 23-24 мыңға көбейді», - деді А. Есімов.

Қала басшысы алматылық метро экологиялық таза және қызмет көрсету бойынша әлемде бірінші орынға ие екенін атап өтті. 

Барлық жаңалықтар