- Басты
- Жаңалықтар
- Полигондағы жарылыс кесірінен тіршілікке зиян келді – Мұхамедиев
Полигондағы жарылыс кесірінен тіршілікке зиян келді – Мұхамедиев
«Мен бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданында ядролық полигонның жанында дүниеге келіп, сол жерде балалық және жастық шағым өтті. Әке-шешеміз полигондағы жарылыстарды көрген, бізге айтып отыратын. Бастапқыда білмеген халқымыз кейіннен барып қана мұның қандай қасірет екенін түсінді», - деп әңгімеледі Қ.Мұхамедиев.
Оның айтуынша, ядролық жарылыстар адамзатқа ғана емес, бүкіл табиғатқа орны толмас қасірет әкелді. Сынақтардың зардабынан экологиялық мәселелер туындады.
«Мен туып өскен ауылымның жанында екі көл болатын. Сол жерде малымызды жайып, өзіміз суға түсіп, демалып, балық аулап жүретінбіз. 1963 жылдан бастап сынақтар жердің астында өткізілді. Жер асты жарылыстардың кесірінен екі көліміз жердің астына кетіп қалды. Қазір сол жерде үңірейген екі шұңқыр ғана қалды. Маңайында тіршілік жоқ», - деді ол.
Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толып отыр. 1991 жылы 29 тамызда еліміз үшін тарихи шешім қабылданған еді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізіліп, қазаққа зор қасірет төндірген Семей полигоны жабылды.
Жалпы, 1949 жыл мен 1989 жыл арасында 456 ядролық сынақ (616 жарылыс) жүргізілген. Мұнда 1951 жылы 18 қазанда атом бомбасын ұшақтан тастап жару, ал 1953 жылғы 12 тамызда термоядролық құрылғы сыналды. 1955 жылы 22 қарашада сутегі бомбасы жарылды. 1961-1962 жылдары әуеде және жер үстінде 50-дей ядролық бомба сыналды, 1963–1988 жылдары жыл сайын 14–18 сынақ өткізіліп, жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс жасалды. Осылайша, Семей аймағында 40 жыл бойы сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе асып түседі екен.
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі