- Басты
- Жаңалықтар
- 300 мың адам ядролық сынақтарға қарсы қазақстандық петицияға қол қойды
300 мың адам ядролық сынақтарға қарсы қазақстандық петицияға қол қойды
«Біздің сайтымызда онлайн петиция бар. Оған кез келген адам кіріп, ядролық сынақтарға қарсы өз дауысын қалдыра алады. Қазір петицияға қол қойғандардың саны 300 мың адамнан асты. Олардың ішінде шамамен 100 елдің азаматтары бар. Менің негізгі мақсатым – кем дегенде, бір миллион дауыс жинау. Ядролық қаруға толығымен тыйым салу қажет. Себебі, бүгінде терроризм деген үлкен қауіп бар.
Оның айтуынша, ядролық қару солардың қолына тисе, адамзат тағы бір трагедияға тап болуы әбден мүмкін.
«Сондықтан біз барынша көп қол жинап, Солтүстік Корея, Үндістан сияқты ядролық қаруды ұстап отырған мемлекет басшыларына үндеу тастауды жоспарлап отырмыз. Олар ядролық қаруымыз болса, ықпалды әрі күшті боламыз деп ойлайды. Алайда, ол дұрыс емес. Ядролық қару болмаса, адам баласы әлділер мен әлсіздерге бөлінбейді. Бәрі бірдей, тең дәрежеде өмір сүреді. Біздің негізгі мақсатымыз – осы», - дейді К.Күйіков.
Айта кетейік, Семей полигонында 1949 жылдың 29 тамызынан бастап ядролық сынақтар жүргізілген.1991 жылдың 29 тамызында Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды.1995 жылы соңғы ядролық құрылғы жойылды. «Атом» жобасы 2013 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады