- Басты
- Жаңалықтар
- «Азаматтарға арналған үкіметте» жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрын жасау мәселесі талқыланды
«Азаматтарға арналған үкіметте» жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрын жасау мәселесі талқыланды
Жиналысқа Мемлекеттік корпорацияның басшылығы, «Мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр» республикалық орталығы бас директорының бірінші орынбасары Асқар Ермағамбетов және «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық байқау» аумақтық депртаменттерінің басшылары қатысты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, Бірыңғай мемлекеттік кадастр құру мемлекеттік корпорацияның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесінің ең ауқымды міндеті болып табылады. «Республиканың жер телімдері туралы және онда орналасқан ғимараттар, құрылыстар, ғимараттар туралы барлық ақпараттар енгізілген және жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу функциясы бар жылжымайтын мүліктерінің бірыңғай кадастрын жасау қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бірыңғай кадастр жобасын жүзеге асыру барысында, азаматтарға жылжымайтын мүлікті рәсімдеуде бір мезгілде құжаттар топтамасын толық алу мүмкіндігі туады. Бұл жер телімдері мен онда орналасқан жылжымайтын мүлік нысандарын рәсімдеу шаралары жеңілдеп, уақыты қысқарады деген сөз», - дейді ол.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрамында біріктірілген Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясын құру, Бірыңғай мемлекеттік кадастрды құрудың алғашқы қадамы болды деп айтуға болады.
Сонымен қатар, аумақтық департамент басшылары жаңа құрылымдық бөлімше шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы баяндама жасады. Жергілікті жерлердегі табысты жүргізілген қайта құрылымдау өндіріс процесіне залалын тигізбестен, жаңа форматтағы жұмысқа ауысуға мүмкіндік берді.
Айта кетсек, Мемлекеттік корпорацияда қайта құрылымдау процесі аяқталып, нәтижесінде лауазымдардың бірыңғай тізілімі жасалды және еңбекақы төлеу жүйесі теңдестірілді. «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» мен «Жылжымайтын мүлік орталығын» бір құрылымға біріктіру, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен кадрлық әлеуетін толықтай сақтай отырып, техникалық жабдықтауды күшейтумен қатар, жаңа композиттік қызметтерді іске қосу, қандай да бір қызмет алу үшін қажетті құжаттар топтамасын азайту, сондай-ақ кейбір қызметтердің уақытын қысқарту секілді толық міндеттер спектрін шешуге мүмкіндік берді, оның көптеген қызметтерді көрсету сапасын айтарлықтай арттыруға ықпалын тигізетіні сөзсіз.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі